"Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар": Бас прокуратура алаяқтық туралы ескертті

© Sputnik / Мария Девахина / Медиабанкке өтуТюльпаны
Тюльпаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
Алаяқтар алдау үшін жасанды интеллект көмегімен іс жүзінде жоқ тауарлардың суреттерін жасайды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бас прокуратура азаматтарды Ұстаздар күні қарсаңында таралып жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертті.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, алаяқтар ұстаздарға арналған тиімді сыйлық ұсыныстары бар жалған сайттарға сілтемелер жібереді.
"Алаяқтар алдау үшін жасанды интеллект көмегімен іс жүзінде жоқ тауарлардың суреттерін жасайды, ал сатушының орнына сатып алушыға чат-бот жауап береді. Мұндай сайттар шынайы дүкендерге ұқсас, бірақ төлем жасағаннан кейін сатып алушының ақшасыз да, сыйлықсыз да қалу қаупі бар", - дейді Бас прокуратурда.
Бас прокуратура өзіңізді қорғау үшін мыналарды ескеруді ұсынды:
күмәнді хабарламалардан келген сілтемелер бойынша өтпеңіз және нөмірлерге қоңырау шалмаңыз;
парольдерді, PIN-кодтарды, банккарталарының CVV-кодтарын және SMS-тен келген растау кодтарын айтпаңыз;
сайттың шынайылығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізгенше дейін алдын ала төлем жасамаңыз;
тапсырыстар туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы, оларды өз бетіңізше ашып тексеріңіз.
Егер карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді қаражаттың алынып кеткенін байқасаңыз, дереу банкпен байланысып, картаны бұғаттау және болған жағдай туралы полицияға хабарлау керек.
Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
"Анашым, қиын жағдайға тап болдым": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Жаңалықтар
0