https://sputnik.kz/20260812/anashym-qiyn-zhagdayga-tap-boldym-politsiya-zhana-alayaqtyq-turaly-eskertti-65659690.html
"Анашым, қиын жағдайға тап болдым": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
"Анашым, қиын жағдайға тап болдым": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Sputnik Қазақстан
Әдетте олар шұғыл ақша қажет екенін айтып, қаражатты дереу аударуды сұрайды 12.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-12T18:50+0500
2026-08-12T18:50+0500
2026-08-12T19:05+0500
полиция
алаяқтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_18:141:1048:720_1920x0_80_0_0_8e11eb507d381469d3deb779338c68e1.jpg
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Полиция қызметкерлері азаматтарды жасанды интеллект көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырады."Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын және сыртқы бейнесін қолдан жасап, бейнеқоңырау кезінде жәбірленушіге өзін туысы немесе жақын адамы ретінде таныстыруы мүмкін", - дейді полицейлер.Әдетте олар шұғыл ақша қажет екенін айтып, қаражатты дереу аударуды сұрайды.Алаяқтықтан қорғайтын қарапайым 5 ереже:Ақша аудармас бұрын ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз. Бір минуттық тексеру қаржылық шығынның алдын алуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20260625/politsiya-demalys-uylerin-zhalga-alu-kezindegi-alayaqtyq-turaly-eskertti-64411352.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_0:71:865:720_1920x0_80_0_0_c116e5da7e58cff6728d6f589f9e4a7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқтық, қылмыс
полиция, алаяқтық, қылмыс
"Анашым, қиын жағдайға тап болдым": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
18:50 12.08.2026 (жаңартылды: 19:05 12.08.2026) Әдетте олар шұғыл ақша қажет екенін айтып, қаражатты дереу аударуды сұрайды
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Полиция қызметкерлері азаматтарды жасанды интеллект көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырады.
"Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын және сыртқы бейнесін қолдан жасап, бейнеқоңырау кезінде жәбірленушіге өзін туысы немесе жақын адамы ретінде таныстыруы мүмкін", - дейді полицейлер.
Әдетте олар шұғыл ақша қажет екенін айтып, қаражатты дереу аударуды сұрайды.
Алаяқтықтан қорғайтын қарапайым 5 ереже:
шұғыл ақша аудару туралы өтінішке бірден сенбеңіз;
қоңырауды тоқтатып, жақын адамыңызға өзіңіз қайта хабарласыңыз;
отбасы мүшелерімен алдын ала құпия сөз немесе бақылау сұрағын келісіп алыңыз;
банк картасының деректерін, SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз;
күдік туындаса, полицияға хабарласыңыз.
Ақша аудармас бұрын ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз. Бір минуттық тексеру қаржылық шығынның алдын алуы мүмкін.