https://sputnik.kz/20261114/abay-oblysynda-3-zhyl-buryn-zhasalgan-qylmys-ashyldy-kudikti-mayit-zhasyrylgan-zherdi-korsetti-68441212.html
Абай облысында 3 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды: күдікті мәйіт жасырылған жерді көрсетті
Абай облысында 3 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды: күдікті мәйіт жасырылған жерді көрсетті
Sputnik Қазақстан
Үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашылды 14.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-14T13:59+0500
2026-11-14T13:59+0500
2026-11-14T13:59+0500
абай облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0e/68441045_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_9473d9963882d3770f83f002b69531e8.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Абай облысында үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.2023 жылы қыркүйекте полицияға жоғалған күйеуін іздестіруді сұрап әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, жұбайы жұмыс істеу үшін басқа жаққа кетіп, байланысқа шықпаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенімен сол уақытта ер адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады.Соған қарамастан, хабар-ошарсыз кеткен азаматты анықтау жұмыстары тоқтаған жоқ. Полицейлер оқиғаның түрлі нұсқасын мұқият тексеріп, оның жоғалуына қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына осы кісі өлтіру қылмысын жасағаннан кейін басқа қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азамат ілікті.Оның ер адамның жоғалуына қатысын тексеру үшін қосымша кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті кінәсін мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады және мәйіт жасырылған жерді көрсетті.Қазіргі уақытта айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260514/qyzylordada-14-zhyl-buryngy-qylmys-ashyldy-kudikti-turmeden-tabyldy-63431786.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0e/68441045_141:0:1041:675_1920x0_80_0_0_70c5782a790eafab2d859e9246f0a264.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, қылмыс
Абай облысында 3 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды: күдікті мәйіт жасырылған жерді көрсетті
Үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашылды
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Абай облысында үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды
Polisia.kz. 2023 жылы қыркүйекте полицияға жоғалған күйеуін іздестіруді сұрап әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, жұбайы жұмыс істеу үшін басқа жаққа кетіп, байланысқа шықпаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенімен сол уақытта ер адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады.
Соған қарамастан, хабар-ошарсыз кеткен азаматты анықтау жұмыстары тоқтаған жоқ. Полицейлер оқиғаның түрлі нұсқасын мұқият тексеріп, оның жоғалуына қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына осы кісі өлтіру қылмысын жасағаннан кейін басқа қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азамат ілікті.
Оның ер адамның жоғалуына қатысын тексеру үшін қосымша кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті кінәсін мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады және мәйіт жасырылған жерді көрсетті.
Қазіргі уақытта айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотқа жолданды.