https://sputnik.kz/20260514/qyzylordada-14-zhyl-buryngy-qylmys-ashyldy-kudikti-turmeden-tabyldy-63431786.html
Қызылордада 14 жыл бұрынғы қылмыс ашылды: күдікті түрмеден табылды
Қызылордада 14 жыл бұрынғы қылмыс ашылды: күдікті түрмеден табылды
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші аудандық ауруханада есін жимастан көз жұмған 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T20:59+0500
2026-05-14T20:59+0500
2026-05-14T20:59+0500
қызылорда
күдікті
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысында 14 жыл бұрын пышақ жарақатынан көз жұмған жасөспірімнің ісі ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханада есін жимастан көз жұмған.Биыл жедел тергеу тобыны басты куәгерді тауып, оқиғаның барлық мән-жайын тізбектеп шықты. Күдікті де анықталды. Ол басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген. Оны қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізген."Жиналған дәлелдердің арқасында ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал себеп болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды", - дейді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, күдікті, қылмыс
қызылорда, күдікті, қылмыс
Қызылордада 14 жыл бұрынғы қылмыс ашылды: күдікті түрмеден табылды
Жәбірленуші аудандық ауруханада есін жимастан көз жұмған
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысында 14 жыл бұрын пышақ жарақатынан көз жұмған жасөспірімнің ісі ашылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханада есін жимастан көз жұмған.
"Осы оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген", - дейді полицейлер.
Биыл жедел тергеу тобыны басты куәгерді тауып, оқиғаның барлық мән-жайын тізбектеп шықты. Күдікті де анықталды. Ол басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген. Оны қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізген.
"Жиналған дәлелдердің арқасында ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал себеп болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды", - дейді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.