Тоқаев "Қазақстан темір жолының" қызметін қатаң сынады

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Здание АО "НК "КТЖ" в Астане
Здание АО НК КТЖ в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Президент инфрақұрылымды жаңа жағдайға дер кезінде бейімдеу стратегиялық дамудың шешуші факторы екенін атап өтті
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметін қатаң сынап, кірісті арттыру, қызметті оңтайландыру, соның ішінде цифрландыру құралдары арқылы компанияның жұмыс тиімділігін көтеру міндетін қойды, деп хабарлады Ақорда.
Президент логистика орталықтарын кеңейту, шекаралық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, саладағы барлық үдерісті кешенді цифрландыру, сондай-ақ жүктердің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдағы кедергілерді жою мәселелеріне айрықша тоқталды.
"Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды орналасуы бірқатар артықшылық береді. Алайда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі тасымалдың жылдамдығына және сенімділігіне, оның шарттары мен мерзімдерінің алдын ала айқын болуына, сондай-ақ тарифтердің тиімділігіне байланысты", - деді ол.
Бұдан бөлек, "Заң мен тәртіп" қағидатын сақтай отырып, инвесторларға, көлік-логистика компанияларына барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігіне назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көлік-транзит саласын одан әрі дамыту және Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
"Біздің қас жауымыз": Тоқаев "Халықтық құрылысқа" кедергі келтіріп жатқандар жайлы айтты
Жаңалықтар
0