"Біздің қас жауымыз": Тоқаев "Халықтық құрылысқа" кедергі келтіріп жатқандар жайлы айтты

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Президент мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайтынын айтты
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысында президент Әділетті Қазақстанды құру ісінде жалқаулық пен селқостыққа бой алдыруға болмайтынын ерекше атап өтті.
"Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз. Барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, соның ішінде жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері сапалы салынуы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды.
"Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады. Осылайша, біз халықтың әл-ауқатын арттыруды және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін түпкі мақсатымызды жүзеге асыруды бастаймыз", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент үш жылдың ішінде ұсталған жемқорлардың санын жариялады.
"2023-2025 жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлық бойынша 3 168 құқық бұзушылық анықталған. Соның ішінде 2 165 құқық бұзушылықты мемлекеттік қызметшілер жасаған, ал қалғанын басқа да тұлғалар, атап айтқанда, квазимемлекеттік сектор қызметшілері жасаған. Жалпы сомасы – 248,2 миллиард доллардан асады", - деді Тоқаев.
Ал осы жылдың он айы ішінде 751 құқықбұзушылық жасалған. 546-сын – мемлекеттік қызметшілер, ал 205-ін өзге де тұлғалар жасаған, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметшілері де бар.
"Осы статистикадан көріп отырғанымыздай, еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәрсені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз. Біз осы саладағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз", - деп түйіндеді президент.
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Тоқаев "Самұрық Қазына" мен "ҚТЖ" басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0