Рудныйда баласы велосипедпен көлікті зақымдағаны үшін ата-ана 400 мың теңге төлейді

© Sputnik / Меруерт АлимоваВелосипед
Велосипед - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Көлік иесі сотқа арыз түсіріп, материалдық залалды өтеуді талап етті
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Рудныйда велосипедпен көлікті зақымдаған баланың ата-анасы жөндеуге кететін шығынды өтейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл жазда кәмелет жасқа толмаған бала велосипед теуіп жүргенде аулада тұрған көлікке соғылған. Иесі сотқа арыз түсіріп, материалдық залалды өтеуді талап етті.
Ал жөндеуге кететін соманы 375 000 теңге деп көрсеткен.
Заң бойынша баланың әрекетінен болған материалдық залалды оның заңды өкілі өтейді.
Сот отырысында тараптар татуласуға келісті. Ал залал мен сот шығындары 372 800 теңге көлемінде айқындалды. Осы соманы ерікті түрде өтеу мерзімі белгіленді.
Операция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Ақтауда сапасыз пластикалық ота жасаған дәрігер 3 млн теңге өтемақы төлейді
Жаңалықтар
0