https://sputnik.kz/20261028/aqtauda-sapasyz-plastikalyq-ota-zhasagan-dariger-3-mln-tenge-otemaqy-toledi-68044431.html
Ақтауда сапасыз пластикалық ота жасаған дәрігер 3 млн теңге өтемақы төлейді
Ақтауда сапасыз пластикалық ота жасаған дәрігер 3 млн теңге өтемақы төлейді
Sputnik Қазақстан
Әйел дәрігерден 20 млн теңге материалдық залал және 10 млн теңге моральдық зиян өндіруді талап еткен 28.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-28T19:03+0500
2026-10-28T19:03+0500
2026-10-28T19:04+0500
ота
пластикалық ота
ақтау
https://sputnik.kz/img/884/80/8848078_0:148:2861:1757_1920x0_80_0_0_0d4bb1194ac797f6a162be3447ea9fae.jpg
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Ақтауда сапасыз пластикалық операция жасалғаннан кейін зардап шеккен әйелге моральдық зиян үшін 3 млн теңге өтемақы өндірілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының соты.2022 жылғы маусымда әйел бет пішінін өзгерту үшін пластикалық ота жасатқан. Алайда хирургиялық араласудан кейін оның құлағы мен бет аймағында келоидты тыртықтар пайда болып, жұмсақ тіндері зақымданған. Салдарынан сыртқы келбеті нашарлаған.Әйел медициналық қызметтің сапасыз көрсетілуіне байланысты дәрігерден 20 млн теңге материалдық залал және 10 млн теңге моральдық зиян өндіруді талап еткен."Сот материалдық залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені талапкер кейінгі емдеуге жұмсалған барлық шығынның құжаттамалық растамаларын ұсынбаған. Сот талапты ішінара қанағаттандырып, жауапкерден 3 млн теңге моральдық зиян өндіріп берді", – делінген сот хабарламасында.Сот шешімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260813/qyzylorda-oblysynda-ota-kezinde-nauqastyn-denesinde-dake-tampony-qalyp-qoygan-65678977.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/884/80/8848078_161:0:2700:1904_1920x0_80_0_0_fb8cd8fc3aa50c5f42ef1188c8bed69f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ота, пластикалық ота, ақтау
ота, пластикалық ота, ақтау
Ақтауда сапасыз пластикалық ота жасаған дәрігер 3 млн теңге өтемақы төлейді
19:03 28.10.2026 (жаңартылды: 19:04 28.10.2026) Әйел дәрігерден 20 млн теңге материалдық залал және 10 млн теңге моральдық зиян өндіруді талап еткен
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Ақтауда сапасыз пластикалық операция жасалғаннан кейін зардап шеккен әйелге моральдық зиян үшін 3 млн теңге өтемақы өндірілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының соты.
2022 жылғы маусымда әйел бет пішінін өзгерту үшін пластикалық ота жасатқан. Алайда хирургиялық араласудан кейін оның құлағы мен бет аймағында келоидты тыртықтар пайда болып, жұмсақ тіндері зақымданған. Салдарынан сыртқы келбеті нашарлаған.
"Алғашқы емдеуге қарамастан, талапкердің денсаулығы жақсармаған. Жағдайы нашарлаған соң, ол басқа мамандардан көмек сұрауға мәжбүр болған. 2025 жылы әйел Алматыда қайта түзету операциясын жасатқан. Алайда бет жүйкесі зақымданып, жұмсақ тіндері деформацияға ұшыраған", – деп хабарлады сот.
Әйел медициналық қызметтің сапасыз көрсетілуіне байланысты дәрігерден 20 млн теңге материалдық залал және 10 млн теңге моральдық зиян өндіруді талап еткен.
"Сот материалдық залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені талапкер кейінгі емдеуге жұмсалған барлық шығынның құжаттамалық растамаларын ұсынбаған. Сот талапты ішінара қанағаттандырып, жауапкерден 3 млн теңге моральдық зиян өндіріп берді", – делінген сот хабарламасында.
Сот шешімі заңды күшіне енді.