https://sputnik.kz/20260813/qyzylorda-oblysynda-ota-kezinde-nauqastyn-denesinde-dake-tampony-qalyp-qoygan-65678977.html
Қызылорда облысында ота кезінде науқастың денесінде дәке тампоны қалып қойған
Қызылорда облысында ота кезінде науқастың денесінде дәке тампоны қалып қойған
Sputnik Қазақстан
Медициналық мекемеден моральдық зиян мен материалдық залал ретінде 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді 13.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-13T09:20+0500
2026-08-13T09:20+0500
2026-08-13T09:20+0500
қызылорда облысы
ота
науқас
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_fa549912332e3e9ea42b570e511b9d00.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында хирургиялық ота кезінде науқастың денесінде дәке тампоны (марлеома) қалып қойған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жоғары соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жіберілген медициналық қателіктің салдарынан науқас ұзақ уақыт бойы қатты ауырып, дұрыс емдемеген жарадан зардап шеккен және өз есебінен қайта ота жасатуға мәжбүр болған.Екі айдан кейін оған басқа медициналық мекемеде қайта ота жасалған, оның барысында алдыңғы хирургия аймағынан бұрын қалған дәке тампоны алынған.Бөгде заттың болу фактісі ота жасау хаттамасымен, медициналық құжаттамамен, бейнежазбамен, сондай-ақ қайта емдеу жүргізілген медициналық мекеме өкілінің түсіндірмесімен расталды.Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттей отырып, жауапкердің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді және талап қоюды қанағаттандырды.Медициналық мекемеден талап қоюшының пайдасына моральдық зиян мен материалдық залалдың орнын толтыру есебінен 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
https://sputnik.kz/20240813/on-zhyldan-keyin-tapty-ota-kezinde-ishinde-qysqysh-qalyp-qoygan-qariya-adildik-izdep-zhur-46271266.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c2e2ab330eab2efd1fdf222bd4620791.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, ота, науқас
қызылорда облысы, ота, науқас
Қызылорда облысында ота кезінде науқастың денесінде дәке тампоны қалып қойған
Медициналық мекемеден моральдық зиян мен материалдық залал ретінде 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында хирургиялық ота кезінде науқастың денесінде дәке тампоны (марлеома) қалып қойған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Жоғары соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жіберілген медициналық қателіктің салдарынан науқас ұзақ уақыт бойы қатты ауырып, дұрыс емдемеген жарадан зардап шеккен және өз есебінен қайта ота жасатуға мәжбүр болған.
Екі айдан кейін оған басқа медициналық мекемеде қайта ота жасалған, оның барысында алдыңғы хирургия аймағынан бұрын қалған дәке тампоны алынған.
"Осыған байланысты ол сотқа жүгініп, медициналық мекемеден материалдық шығын мен моральдық зиянның орнын толтыруды талап еткен. Сот бастапқыда талап қоюшыға кистаны алып тастау отасы жасалғанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Бөгде заттың болу фактісі ота жасау хаттамасымен, медициналық құжаттамамен, бейнежазбамен, сондай-ақ қайта емдеу жүргізілген медициналық мекеме өкілінің түсіндірмесімен расталды.
Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттей отырып, жауапкердің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді және талап қоюды қанағаттандырды.
Медициналық мекемеден талап қоюшының пайдасына моральдық зиян мен материалдық залалдың орнын толтыру есебінен 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.