https://sputnik.kz/20261113/qate-sheshim-bolgan-prezident-zhemqorlyqty-azaytu-zhoninde-usynys-azirleudi-tapsyrdy-68430409.html
Президент жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды
Президент жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Президент заңсыз иемденілген активтер есебінен салынған нысандарды тексеруді талап етті 13.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-13T15:13+0500
2026-11-13T15:13+0500
2026-11-13T15:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886165_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a521a481d61fae0519c7affbb2f4ba61.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.Президент жағдай қаншалықты күрделі болса да "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының аппараты мен мемлекеттік компаниялардың, соның ішінде "Қазақстан темір жолының" жұмысы тоқтап қалмайтынын атап өтті.Ол заңсыз иемденген активтерге 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан нсалынғанын атап өтті."Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері салынып бітті. Жұмыс жалғаса береді. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, нысандар қаншалықты сапалы салынғанын тексеруге себеп бар сияқты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Осы орайда, президент үкімет пен бақылаушы органдарға биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.
https://sputnik.kz/20261113/memlekettik-kompaniyalarda-zhemqorlyq-belen-algan---prezident-68429930.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886165_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_81fc117810f0942baeb983d1b6e011bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, сыбайлас жемқорлық
қасым-жомарт тоқаев, сыбайлас жемқорлық
Президент жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды
15:13 13.11.2026 (жаңартылды: 15:22 13.11.2026) Президент заңсыз иемденілген активтер есебінен салынған нысандарды тексеруді талап етті
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
"Соңғы кезде біз кейбір келісімдер мен шарттарды қайта қарадық. Меніңше, оларға қол қою қате шешім болған. Бірақ биліктің кәсіпкерлерге кедергілер, тосқауылдар жасайтын ойы да, ниеті де жоқ. Керісінше, біз оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз және алдағы уақытта да солай болады", - деді Тоқаев.
Президент жағдай қаншалықты күрделі болса да "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының аппараты мен мемлекеттік компаниялардың, соның ішінде "Қазақстан темір жолының" жұмысы тоқтап қалмайтынын атап өтті.
"Мемлекеттік компанияларға қарасты барлық мекеме қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Жалпы, бұған ешқандай себеп те жоқ. Керісінше, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес инвесторлар мен несие берушілердің аталған институтқа деген сенімін арттырып, олардың мейлінше тиімді, ашық және жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп санаймын", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Ол заңсыз иемденген активтерге 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан нсалынғанын атап өтті.
"Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері салынып бітті. Жұмыс жалғаса береді. Қалыптасқан жағдайға қарағанда, нысандар қаншалықты сапалы салынғанын тексеруге себеп бар сияқты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда, президент үкімет пен бақылаушы органдарға биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.