Магистральдық құбырлардың күзет аймақтарының сақталуына цифрлық бақылау күшейтілді

© Photo : пресс-служба акима Жетысуской областиМагистральдық газ құбыры
Магистральдық газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Жаңа функционал құбыр инфрақұрылымы объектілеріне дейінгі белгіленген ең аз қашықтықтарды көрсетуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қазақстанда магистральдық құбырлардың күзет аймақтарының сақталуын бақылаудың цифрлық тетігі енгізілді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Тиісті функционал "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінде министрліктің алаңында ұйымдастырылып, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жұмыс істеген ведомствоаралық жұмыс тобының бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
"Жаңа функционал ақпараттық жүйеде магистральдық құбырлардың күзет аймақтарын, сондай-ақ құбыр инфрақұрылымы объектілеріне дейінгі белгіленген ең аз қашықтықтарды көрсетуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Енді жер учаскелерін беру туралы өтінімдерді қарау, жер бөлу мәселелерін келісу және құрылыс жұмыстарын жоспарлау кезінде жүйе құбыр инфрақұрылымы объектілерінің орналасуына байланысты шектеулерді алдын ала анықтап, белгіленген талаптарды сақтау қажеттігі туралы ескертуге мүмкіндік береді.
"Жүйеге "ҚазТрансОйл" АҚ, "Қазақстан-Қытай Құбыры" АҚ, "МұнайТас" СБТК" ЖШС магистральдық құбырларының, бас мұнай айдау станцияларының (БМАС), мұнай айдау станцияларының (МАС) және басқа да өндірістік объектілерінің, сондай-ақ "Магистральдық су құбыры" жүйесінің объектілері мен коммуникацияларының, оның ішінде су айдау станцияларының күзет аймақтары мен ең аз қашықтықтары туралы мәліметтер енгізілді", - дейді министрлікте.
Цифрлық тетікті енгізу жергілікті атқарушы органдарға жер учаскелерін беру және құрылыс салуды келісу кезінде белгіленген шектеулерді алдын ала анықтауға, магистральдық құбырларға жақын аумақтарда рұқсатсыз құрылыс жүргізудің алдын алуға, сондай-ақ құбыр инфрақұрылымы объектілерінің зақымдану және авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Алматы облысында көлік апатына түскен бес оқушының екеуінің жағдайы әлі ауыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Тағы бір автожолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды
Жаңалықтар
0