https://sputnik.kz/20261021/tagy-bir-avtozholda-ortasha-zhyldamdyqty-baqylau-zhuyesi-iske-qosyldy-67793327.html
Тағы бір автожолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды
Тағы бір автожолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Ақтоты Боранова жылдамдықты асыру тасжолдағы ауыр жол апаттарының басты себебі болып отырғанын еске салды 21.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-21T08:22+0500
2026-10-21T08:22+0500
2026-10-21T08:22+0500
автожол
жылдамдықты асыру
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36919102_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_e7e8fa385cf3bc5d9570713f5f333d92.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. 21 қазаннан бастап Қонаев - Бақанас автожолының бір бөлігінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранованың айтуынша, ақыланатын учаскенің ұзындығы - 38 шақырым 965 метр.Камералар көліктің учаскенің басындағы және соңындағы бақылау аркаларынан өткен уақытын тіркейді. Жүйе қашықтық пен жолда жүрген уақытқа қарап, орташа жылдамдықты есептейді.Ол жылдамдықты асыру әлі де тасжолдағы ауыр жол апаттарының басты себебі болып отырғанын еске салды.
https://sputnik.kz/20260805/eldegi-zhol-apattarynyn-33-y-zhyldamdyqty-arttyru-saldarynan-bolyp-otyr-65466211.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36919102_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_6118a6dba81b736670f72363bd6a113b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автожол, жылдамдықты асыру
автожол, жылдамдықты асыру
Тағы бір автожолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды
Ақтоты Боранова жылдамдықты асыру тасжолдағы ауыр жол апаттарының басты себебі болып отырғанын еске салды
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. 21 қазаннан бастап Қонаев - Бақанас автожолының бір бөлігінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды. Бұл туралы
Polisia.kz хабарлады.
ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранованың айтуынша, ақыланатын учаскенің ұзындығы - 38 шақырым 965 метр.
"Бұл учаскенің ерекшелігі - жылдамдық режимінің өзгермелі болуында. Яғни жолдың әр бөлігінде рұқсат етілген жылдамдық әртүрлі. Сондықтан жол белгілеріне ерекше назар аударып, әр бөліктегі шектеуді сақтаңыз", - деді ол.
Камералар көліктің учаскенің басындағы және соңындағы бақылау аркаларынан өткен уақытын тіркейді. Жүйе қашықтық пен жолда жүрген уақытқа қарап, орташа жылдамдықты есептейді.
"Сондықтан тек камераның алдында ғана жылдамдықты азайту көмектеспейді: егер учаскеде рұқсат етілген жылдамдықтан асып кетсеңіз, құқық бұзушылық тіркеледі", - деп ескертті Ақтоты Боранова.
Ол жылдамдықты асыру әлі де тасжолдағы ауыр жол апаттарының басты себебі болып отырғанын еске салды.