Елдегі жол апаттарының 33%-ы жылдамдықты арттыру салдарынан болып отыр

© Sputnik / Тимур БатыршинЖылдамдық белгілері
Жылдамдық белгілері - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Жазылу
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол апаттарының саны азайған
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстандағы жол апаттарының 91%-ы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзумен байланысты болып отыр, деп хабарлады көлік министрлігі.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың пайыздық көрсеткіші мынандай:
жылдамдықты арттыру – 33%;
көлік құралын басқаруды жоғалту – 14%;
арақашықтықты сақтамау – 13%;
жол белгілерінің талаптарын елемеу – 10%.
Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол апаттарының саны азайған. Жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға төмендеп, 1 507 жағдайдан 1 371 жағдайға дейін қысқарды.
Бұл динамикаға көліктік жүктеменің айтарлықтай өсуі аясында қол жеткізілді – жарты жылда қозғалыс қарқындылығы 37%-ға артып, 22,3 млн көлік құралын құрады.
Министрлік хабарлауынша, жол апаттарының азаюына жалпы ұзындығы 2,3 мың шақырымды құрайтын ақылы жол учаскелерінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесінің енгізілуі ықпал етіп отыр.
Ақылы жолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдық бақылауға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Ақылы жолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдық бақылауға алынды
Жаңалықтар
0