https://sputnik.kz/20260710/aqyly-zholdardyn-tagy-bes-uchaskesinde-ortasha-zhyldamdyq-baqylauga-alyndy-64802825.html
Ақылы жолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдық бақылауға алынды
Ақылы жолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдық бақылауға алынды
Sputnik Қазақстан
Жылдамдықты бақылау жүйесі жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын учаскеге іске қосылады 10.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-10T12:31+0500
2026-07-10T12:31+0500
2026-07-10T12:31+0500
жол
жылдамдықты асыру
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36193949_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_8c5bcba1c726cb0c6c4523f02ddf367b.jpg
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Бірнеше жолда орташа жылдамдықты бақылау іске қосылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.10 шілдеден бастап автожолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмысын бастайды.Былтырғы 17 наурыздан бастап орташа жылдамдықты бақылау республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың жалпы ұзындығы шамамен екі мың шақырым болатын сегіз учаскесінде қосылды. 10 шілдеден бастап бұл жүйе жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылады: Ол Ақтөбе - Қандыағаш, Алматы - Қорғас, Көкшетау - Петропавл, Астана - Теміртау және Астана - Щучинск автожолдарының қосымша учаскелері. Сонымен қатар қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңімен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылып жатыр.
https://sputnik.kz/20260701/qazaqstanda-11-shildede-zhana-aqyly-zhol-ashylady-64595344.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36193949_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_0b3e0785b3ce766ec62d698d6da3adbc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, жылдамдықты асыру
Ақылы жолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдық бақылауға алынды
Жылдамдықты бақылау жүйесі жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын учаскеге іске қосылады
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Бірнеше жолда орташа жылдамдықты бақылау іске қосылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
10 шілдеден бастап автожолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмысын бастайды.
"Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді шараларының бірі - автокөлік жолдарында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау. Бұл тәсіл қауіпті маневрлердің, жылдамдықты күрт арттырудың алдын алып, жүргізушілердің бүкіл жол бойында белгіленген жылдамдық режимін сақтауына ықпал етеді", - дейді полиция.
Былтырғы 17 наурыздан бастап орташа жылдамдықты бақылау республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың жалпы ұзындығы шамамен екі мың шақырым болатын сегіз учаскесінде қосылды.
10 шілдеден бастап бұл жүйе жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылады: Ол Ақтөбе - Қандыағаш, Алматы - Қорғас, Көкшетау - Петропавл, Астана - Теміртау және Астана - Щучинск автожолдарының қосымша учаскелері. Сонымен қатар қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңімен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылып жатыр.