Видео

Денсаулық сақтау вице-министрі ұшақта жағдайы нашарлаған әйелге көмек көрсетті

© Photo : Скриншот видео из социальных сетейДенсаулық сақтау вице-министрі ұшақта жағдайы нашарлаған әйелге көмек көрсетті
Денсаулық сақтау вице-министрі ұшақта жағдайы нашарлаған әйелге көмек көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Төтенше жағдай "Астана - Тараз" рейсі кезінде болған
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов ұшақ бортында жағдайы күрт нашарлаған ресейлік жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Төтенше жағдай "Астана - Тараз" рейсі кезінде болған.
Ұшу кезінде 38 жастағы Ресей азаматының жағдайы нашарлап, ол әлсіздік сезінп, жүрегі айныған және қан қысымы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған.
Осы рейспен ұшып бара жатқан вице-министр Манас Рамазанов оның қан қысымын өлшеп, жалпы жағдайын бағалады. Кейін әйелдің жағдайы жақсарып, есін жиды.
Ол сондай-ақ Тараз әуежайына жедел жәрдем шақырып, ұшақ қонғаннан кейін науқасты медицина қызметкерлеріне тапсырып, оған тиісті медициналық көмек көрсетілуін тапсырды.
Интерн Медицинского университета Астаны Динмухамед Бектурган - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Ұшақта адам құтқарған студент оқу ақысына ақша шығармайтын болды
Жаңалықтар
0