https://sputnik.kz/20250117/ushaqta-adam-qutqargan-student-oqu-aqysyna-aqsha-shygarmaytyn-boldy-50031288.html
Ұшақта адам құтқарған студент оқу ақысына ақша шығармайтын болды
Ұшақта адам құтқарған студент оқу ақысына ақша шығармайтын болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қызыорда облысының әкімдігі ұшақта адам өмірін сақтап қалған студент Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысына қолдау көрсетілетінін... 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T11:25+0500
2025-01-17T11:25+0500
2025-01-17T11:25+0500
ұшақ
студент
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0e/49954069_0:44:1181:709_1920x0_80_0_0_6f59727687f1ff4d33fb29cdbc603a9b.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қызыорда облысының әкімдігі ұшақта адам өмірін сақтап қалған студент Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев студенттің ата-анасы Нұрболат пен Ғалия Нұрсейітовтермен кездесіп, адам құтқарған жігітке жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін алғыс білдірді. Дінмұхаммед жас болса да, шұғыл әрі батыл әрекет етті. Соның арқасында ұшақ жолаушысы аман қалды. Медициналық университеттің студенті Дінмұхаммед Бектұрған үш жылдық резидентураны аяқтауды жоспарлап отыр. Облыс басшысы жерлесінің оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін мәлімдеді. Айта кетері, 10 қаңтарда "Қызылорда-Астана" рейсінде жолаушы жүрек тұсының қатты ауырсынуын сезінген. Сол кезде бортта болған Бектұрған Дінмұхаммед көмекке келіп, есінен танып қалған жолаушыға реанимациялық шаралар жасады. Астана медицина университетінің жетінші курс студенті денсаулық сақтау министрінен де құрмет грамотасын алды.
https://sputnik.kz/20250115/ushaqta-adam-omirin-saqtap-qalgany-astana-meditsina-universitetinin-studenti-marapattaldy-49991782.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0e/49954069_0:0:1181:887_1920x0_80_0_0_b017f1e91ebcc29af161163fad6adaf4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, студент
Ұшақта адам құтқарған студент оқу ақысына ақша шығармайтын болды
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қызыорда облысының әкімдігі ұшақта адам өмірін сақтап қалған студент Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев студенттің ата-анасы Нұрболат пен Ғалия Нұрсейітовтермен кездесіп, адам құтқарған жігітке жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін алғыс білдірді.
Дінмұхаммед жас болса да, шұғыл әрі батыл әрекет етті. Соның арқасында ұшақ жолаушысы аман қалды. Медициналық университеттің студенті Дінмұхаммед Бектұрған үш жылдық резидентураны аяқтауды жоспарлап отыр. Облыс басшысы жерлесінің оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін мәлімдеді.
Айта кетері, 10 қаңтарда "Қызылорда-Астана" рейсінде жолаушы жүрек тұсының қатты ауырсынуын сезінген. Сол кезде бортта болған Бектұрған Дінмұхаммед көмекке келіп, есінен танып қалған жолаушыға реанимациялық шаралар жасады.
Астана медицина университетінің жетінші курс студенті денсаулық сақтау министрінен де құрмет
грамотасын алды.