Ұшақта адам өмірін сақтап қалғаны Астана медицина университетінің студенті марапатталды

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКПочетную грамоту вручил Минздрав интерну, спасшему жизнь пассажира на борту
Почетную грамоту вручил Минздрав интерну, спасшему жизнь пассажира на борту - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Астана медицина университетінің студенті Дінмұхаммед Бектұрғанға шұғыл медициналық көмек көрсеткені және жолаушылар ұшағының бортында адам өмірін сақтап қалғаны үшін денсаулық сақтау министрінің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.
"Ұшақ бортында, жолаушылардың бірі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған кезде Дінмұхаммед абдырап қалмады. Ол жылдам және сауатты іс-қимылының арқасында адам өмірін сақтап қалды", - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желілердегі жазбасында.
Ведомство басшысы Дінмұхаммедтің тәлімгерлеріне болашақ дәрігерлерді даярлауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, медицина университетінің студентіне үлкен кәсіби биіктерге жетуді тіледі.
Әуе кемесі экипажының ақпараты бойынша, Қызылорда-Астана рейсі қонғанға дейін 55 минут бұрын жолаушы жүрек тұсының қатты ауырсынуын сезінген.
Жолаушы ретінде ұшып бара жатқан Астана медицина университетінің жетінші курс студенті Бектұрған Дінмұхаммед қан қысымын өлшеп, есінен танып қалған жолаушыға реанимациялық іс-қимылдарды бастады.
Turkish Airlines - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Оралда шұғыл қонған ұшақта жасөспірім қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы
Жаңалықтар
0