https://sputnik.kz/20230919/oralda-shugyl-qongan-ushaqta-zhasospirim-qaytys-boldy--oqiganyn-man-zhayy-38581752.html
Оралда шұғыл қонған ұшақта жасөспірім қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы
Оралда шұғыл қонған ұшақта жасөспірім қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Бортта болған 17 жастағы қыздың жағдайы күрт нашалап кеткен 19.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-19T12:59+0500
2023-09-19T12:59+0500
2023-09-19T12:59+0500
орал
ұшақ
https://sputnik.kz/img/11/96/119608_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_5bf6993a094cf8017227988c16a61ac8.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Оралда шұғыл қонуға мәжбүр болған Turkish Airlines ұшағының бортында жасөспірім қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.17 қыркүйекте TK 3995 рейсі Ресейдің Қазан қаласынан Антальяға ұшып бара жатқан. Бірақ ұшақ сағат 12:43-те Орал қаласына қонуға мәжбүр болды. Өйткені бортта болған 17 жастағы қыздың жағдайы күрт нашалап кеткен.Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдан жедел жәрдемге сағат 16:02-де хабар түскен. Дәрігерлер сол жерге 15 минуттың ішінде барған. Бірақ 2006 жылы туған Татарстан Республикасының азаматы қайтыс болды. Бойжеткен ДЦП-мен ауырған.Ал көліктегі полиция депаратменті кәмелет жасқа толмаған қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
https://sputnik.kz/20230918/turkiyadan-ushyp-shyqqan-reseylik-ushaq-aqtobege-shugyl-qondy-38556286.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/96/119608_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_2e578d7349465e3f0845b03b1ebbef8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, ұшақ
Оралда шұғыл қонған ұшақта жасөспірім қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы
Бортта болған 17 жастағы қыздың жағдайы күрт нашалап кеткен
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Оралда шұғыл қонуға мәжбүр болған Turkish Airlines ұшағының бортында жасөспірім қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
17 қыркүйекте TK 3995 рейсі Ресейдің Қазан қаласынан Антальяға ұшып бара жатқан. Бірақ ұшақ сағат 12:43-те Орал қаласына қонуға мәжбүр болды. Өйткені бортта болған 17 жастағы қыздың жағдайы күрт нашалап кеткен.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдан жедел жәрдемге сағат 16:02-де хабар түскен. Дәрігерлер сол жерге 15 минуттың ішінде барған. Бірақ 2006 жылы туған Татарстан Республикасының азаматы қайтыс болды. Бойжеткен ДЦП-мен ауырған.
"Бортта 3 дәрігер болған. Олар 45 минут бойы қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды демалдырғанымен, нәтиже болмады", - дейді басқарма мамандары.
Ал көліктегі полиция депаратменті кәмелет жасқа толмаған қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.