Видео

Ақтөбеде дәмханада жарылыс болды

© Sputnik / Табылды КадырбековГаз баллондары
Газ баллондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Газ-ауа қоспасы жарылғаннан кейін дәмхана отқа оранды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Бүгін Ақтөбеде дәмханада газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақтөбедегі Тәуелсіздік даңғылы бойындағы бес қабатты үйдің тұрғындары жарылысты естіп қана қоймай, оны анық сезді. Кейбір пәтерлердің терезесін сынып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 10:28-де осы үйдің бірінші қабатындағы дәмханада газ-ауа қоспасы жарылды.
"Оқиға салдарынан дәмхананың жапсарлас салынған құрылымы опырылып, артынша өрт шықты. Сондай-ақ тұрғын үйдің терезе құрылымдары зақымданды. Екі адам зардап шегіп, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ", - дейді құтқарушылар.
Газ-ауа қоспасы жарылғаннан кейін дәмхана отқа оранды. Құтқарушылар оны жарты сағаттың ішінде өшірді.
Айта кетері, оқиға орнына 45 жеке құрам қызметкері мен 10 техника жіберілді. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы да барды.
Алматыдағы элиталы көпқабатты үйде жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Екі пәтерге зақым келді: Алматыдағы элиталы көпқабатты үйде жарылыс болды
Жаңалықтар
0