Екі пәтерге зақым келді: Алматыдағы элиталы көпқабатты үйде жарылыс болды

© Photo : Sergek GroupАлматыдағы элиталы көпқабатты үйде жарылыс болды
Алматыдағы элиталы көпқабатты үйде жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
11 және 9 жастағы екі бала зардап шекті
АСТАНА, 22 қазан - Sputnik. Алматы қаласының Медеу ауданында үш қабатты таунхауста жарылыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 22 қазанда Қаппаров көшесінде болды.
Салдарынан екі пәтер зақымдалып, 11 және 9 жастағы екі бала зардап шекті. Тағы бір көлік зақымданған. Жарылыс болған аумақ 75 шаршы метр.
"Бұған табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды. Медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді", - дейді қалалық әкімдік.
Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.
Взрыв газового баллона произошел в тандырной в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Астанада тандырханада жарылыс болды
Жаңалықтар
0