"Самұрық-Қазына" қор басшысының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневЛоготип ФНБ "Самрук-Казына"
Логотип ФНБ Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Қор сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсыну арқылы тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Астанада "Самұрық-Қазына" және "Қазақстан темір жолы" компанияларының басшылары ұсталды. Олар жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Ведомствоның мәліметінше қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп, сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсыну арқылы тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, екі басшыны ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұстаған.
Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуірінен бері "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Ал Елжас Отыншиев жақында-ақ, 2026 жылдың шілдесінде "ҚТЖ" басшысы қызметіне тағайындалған.
Самұрық-Қазына төрағасы мен Қазақстан темір жолы басшысы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Видео
"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды
Жаңалықтар
0