Видео

"Kyzdar.net" сайтында жеңгетайлықпен айналысқан күдікті Грузиядан экстрадицияланды

© PhotoҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Ол жезөкшелікпен айналысатын тұлғалардан "Kyzdar.net" интернет-ресурсында орналастырылған сауалнамаларының шоттарын толықтыруға өтінімдер қабылдаған
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Өзбекстан Республикасының азаматшасы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және жеңгетайлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Тергеу барысында аталған азаматшаның ұйымдасқан қылмыстық топтың өзге де мүшелерімен бірлесіп, жезөкшелікпен айналысатын және сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсететін тұлғалардан "Kyzdar.net" интернет-ресурсында орналастырылған сауалнамаларының шоттарын толықтыруға өтінімдер қабылдап, олардың сексуалдық қызметтерін ілгерілету және жарнамалау мақсатында жүзеге асырғаны анықталған", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, топ мүшелері түскен қаражаттан комиссиялық сыйақыны ұстап қалып, қалған соманы сайт әкімшілеріне аударып отырған. Осылайша, жеңгетайлыққа бағытталған заңсыз схеманың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен.
Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топтың бірқатар мүшесі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал оның жекелеген мүшелері, оның ішінде күдікті де қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Осы жылдың шілде айында ол Грузия аумағында ұсталып, ол жерден Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Грузияға қашып кеткен Қазақстан азаматы экстрадицияланды
Жаңалықтар
0