Грузияға қашып кеткен Қазақстан азаматы экстрадицияланды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Жазылу
Ол жәбірленушіден алдау жолымен бір жарым миллион АҚШ долларын алғаны анықталды
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу барысында аталған тұлғаның 2023 жылғы қараша-желтоқсан айлары аралығында Алматы қаласында коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісін сатамын деген сылтаумен жәбірленушіден бір жарым миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі ақша қаражатын алдап алғаны анықталды.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған", - деп жазылған хабарламада.
Өткен жылғы желтоқсан айында ол Грузия аумағында ұсталған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Интернет-казиноны жарнамалаған танымал блогер Вьетнамнан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0