https://sputnik.kz/20260806/internet-kazinony-zharnamalagan-tanymal-bloger-vetnamnan-ekstraditsiyalandy-65511560.html
Интернет-казиноны жарнамалаған танымал блогер Вьетнамнан экстрадицияланды
Интернет-казиноны жарнамалаған танымал блогер Вьетнамнан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T18:13+0500
2026-08-06T18:13+0500
2026-08-06T18:15+0500
блогер
казино
жарнама
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:1620_1920x0_80_0_0_201305f3ff5b71ccb9c274c8ab7d2e52.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Бас прокуратура Вьетнамнан Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын мәлімдеді.Тергеп-тексеру органының нұсқасы бойынша 2025 жылдың қаңтарында ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына қатысуға тартқан.Жалпы, қылмыстық топтың қатысушылары 2021 жылдан бастап 2025 жылды қоса есептеген мерзімде Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казиноның қызметін ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.Биылғы маусымда Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сауалы бойынша ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға экстрадицияланды.Күдіктіге тағылып отырған айып бойынша оның мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Қайсар Қамзаның қолына кісен тағылған фотосы тараған болатын.
https://sputnik.kz/20260114/bloger-qaysar-qamzaga-ne-ushin-izdeu-zhariyalangany-belgili-boldy-60374964.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:2160_1920x0_80_0_0_c4ae3e2cdee4b4d85260984444426a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер, казино, жарнама
Интернет-казиноны жарнамалаған танымал блогер Вьетнамнан экстрадицияланды
18:13 06.08.2026 (жаңартылды: 18:15 06.08.2026) Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Бас прокуратура Вьетнамнан Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын мәлімдеді.
Тергеп-тексеру органының нұсқасы бойынша 2025 жылдың қаңтарында ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына қатысуға тартқан.
"Интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы, қылмыстық топтың қатысушылары 2021 жылдан бастап 2025 жылды қоса есептеген мерзімде Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казиноның қызметін ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.
"Осы орайда, қылмыстық топтың 9 сыбайлас қатысушысы қамауға алынғанын, ал қалғандарын, оның ішінде жоғарыда аталған күдіктіге де халықаралық іздестіру жарияланғанын атап өткен жөн", - дейді ведомство мамандары.
Биылғы маусымда Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сауалы бойынша ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға экстрадицияланды.
Күдіктіге тағылып отырған айып бойынша оның мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Қайсар Қамзаның қолына кісен тағылған фотосы тараған болатын.