https://sputnik.kz/20260114/bloger-qaysar-qamzaga-ne-ushin-izdeu-zhariyalangany-belgili-boldy-60374964.html
Блогер Қайсар Қамзаға не үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды
Блогер Қайсар Қамзаға не үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге бұғау салынды 14.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-14T09:27+0500
2026-01-14T09:27+0500
2026-01-14T09:33+0500
блогер
құмар ойын
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0e/60375092_0:237:1118:866_1920x0_80_0_0_96e46f781242b76d705e0f28a3c92b39.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Блогер Қайсар Қамза заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.Ведомствоның мәліметінше сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге бұғау салынды.Еске сала кетейік, бұған дейін Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0e/60375092_0:132:1118:971_1920x0_80_0_0_6b2acb72b96c67c1af40f5a6744626b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер, құмар ойын
Блогер Қайсар Қамзаға не үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды
09:27 14.01.2026 (жаңартылды: 09:33 14.01.2026) Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге бұғау салынды
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Блогер Қайсар Қамза заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
"Күдікті 5 жыл бойы өзінің 2,4 млн оқырманы бар "qais_arr" парақшасында белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, "Telegram"-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.
"Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған", - дейді агенттік.
Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.
Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге бұғау салынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.