Іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттеме орындалады – Самұрық-Қазына

© Фонд "Самрук-Казына"Фонд "Самрук-Казына"
Фонд Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Инвесторлар, кредиторлар мен халықаралық қаржы институттары алдындағы барлық міндеттеме өз күшінде қалады
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры мен оған кіретін компаниялар өз қызметін штаттық режимде жалғастырып жатыр. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр.

"Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттеме өз күшінде қалады және қолданыстағы келісімдерге сәйкес орындалады. Қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыруда әрі қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді", - делінген ресми хабарламада.

"Самұрық-Қазына" өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктесімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін де растап отыр.
Айта кетері, бүгін Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталды. Олар жемқорлық жасады деген күдікке ілініп отыр.
Самұрық-Қазына қорына кіретін компаниялар - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Инфографика
"Самұрық-Қазына" қорына кіретін компаниялар
Жаңалықтар
0