https://sputnik.kz/20261112/eden-zhuushynyn-shelegin-tepken-aqtauda-mektep-basshysynyn-ayeline-ayyppul-salyndy-68394560.html
Еден жуушының шелегін тепкен: Ақтауда мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды
Еден жуушының шелегін тепкен: Ақтауда мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Онымен қоймай, былапыт сөйлеп, жәбірленушіні қорлаған 12.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-12T13:20+0500
2026-11-12T13:20+0500
2026-11-12T13:20+0500
ақтау
айыппұл
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_c057ccc1f916be84f52fbbd31d9dcd54.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ақтауда еден жуушының шелегін теуіп жіберген мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тараған болатын. Ал білім басқармасы видеоның "Тұлпар" мектеп-лицейінде түсірілгенін растады.Сот материалдарына сәйкес, қазан айында жәбірленуші тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда сотталушы қасақана шелекті аяғымен теуіп жіберген. Шелек аударылып, су төгілген. Онымен қоймай, былапыт сөйлеп, жәбірленушіні қорлаған.Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Бірақ былапыт сөз айтпадым дейді. Ашу үстінде шелекті ғана теуіп жібергенін айтты. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.Судья шелекті теуіп жіберген әйелді 86 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, "Тұлпар" және "Ақтау Зияткерлік мектебі" жеке меншік мектептердің құрылтайшысы Халеф Челик видеода өз әйелінің болғанын растады.
https://sputnik.kz/20261111/qyzylorda-oblysynda-akimge-43-mln-tenge-ayyppul-salyndy-68378862.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_39f1ade463d405ae88ee7888f46cff21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, айыппұл, сот
Еден жуушының шелегін тепкен: Ақтауда мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды
Онымен қоймай, былапыт сөйлеп, жәбірленушіні қорлаған
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ақтауда еден жуушының шелегін теуіп жіберген мектеп басшысының әйеліне айыппұл салынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тараған болатын. Ал білім басқармасы видеоның "Тұлпар" мектеп-лицейінде түсірілгенін растады.
Сот материалдарына сәйкес, қазан айында жәбірленуші тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда сотталушы қасақана шелекті аяғымен теуіп жіберген. Шелек аударылып, су төгілген. Онымен қоймай, былапыт сөйлеп, жәбірленушіні қорлаған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Бірақ былапыт сөз айтпадым дейді. Ашу үстінде шелекті ғана теуіп жібергенін айтты. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.
Судья шелекті теуіп жіберген әйелді 86 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, "Тұлпар" және "Ақтау Зияткерлік мектебі" жеке меншік мектептердің құрылтайшысы Халеф Челик видеода өз әйелінің болғанын растады.