Қызылорда облысында әкімге 4,3 млн теңге айыппұл салынды

© SputnikАрхивное фото портфеля
Архивное фото портфеля - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Шиелі кентінің әкімі инвестордың өтінішін қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қызылорда облысында елді мекеннің әкімі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан инвесторлардың құқығын қорғау комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Прокурорлар инвестордың өтінішін қарау мерзімін негізсіз созу, оның құқығын шектеу және тиісті шешім қабылдаудан бас тарту фактісін анықтады.
"VIGOR Holding" ЖШС-ға жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде Шиелі кентінің аумағында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу қажеттілігі туындаған. Осыған байланысты инвестор Шиелі кентінің әкімдігіне тиісті аумаққа жария сервитут белгілеу туралы қаулы қабылдау жөнінде өтінішпен жүгінген. Алайда Шиелі кентінің әкімі өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратураның араласуымен инвесторға жария сервитут белгілеу туралы тиісті қаулының қабылдануына ықпал ету арқылы көмек көрсетілді. Ал Шиелі әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Айта кетері, кент басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі (кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу) бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылда 4 325 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
"Сізден басқаның бәрі кінәлі сияқты": Бектенов әкімге қатаң ескерту жасады
Жаңалықтар
0