Ақтау орталығында көлік жарылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГорящий транспорт, иллюстративное фото
Горящий транспорт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Аулада тұрған көлік отқа оранған
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ақтау қаласының орталығында көлік жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жарылыс қаланың 27-шағын ауданында болған. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында газбен жүретін көлік өртенген. Соның салдарынан газ-баллон жабдығы жарылған.
"Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - дейді құтқарушылар.
Өрт сөндірушілер газбен жүретін көліктерді уақытылы техникалық тексерістен өткізу қажеттігін еске салды. Ал төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Талдықорғанда көлік жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Әкесі қыздарын мектепке апармақ болған: Талдықорғанда көлік жарылды
Жаңалықтар
0