Әкесі қыздарын мектепке апармақ болған: Талдықорғанда көлік жарылды

Талдықорғанда көлік жарылды
Талдықорғанда көлік жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
12 жастағы жеткіншек топырақ үйіндісінің астынан табылған
АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Талдықорған қаласының Еркін шағын ауданында көлік жарылып, тұрғын үй қирады. Оқиға орнына Sputnik Қазақстан тілшісі барып қайтты.
40 жастағы үй иесі қыздарын мектепке апармақ болып, таңертең гараждағы көлігін оталдырған. Дәл сол мезет көлік жарылып, гаражбен қоса баспанасы да қирап кеткен.

"Оталдырғаны сол екен, жарылыс болған. Тіпті күйеуімді бірнеше метр жерге лақтырған. Қазір ол ауыр жарақат алып ауруханада жатыр. Қол-аяғының бәрі күйіп қалған. Ал 12 жастағы қызымды топырақ үйіндісінің астынан тауып алдық", - дейді үй иесі Марина Гунькина.

Айтуынша, көлікке газ орнатылған. Қазір тұрғын үйдің бір жағы түгел қираған. Үй иелерінің айтуынша, баспана жөндеуге жарамайды.
Пожар в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2024
Елордада жүк көлігінің жанармай багы жарылды: зардап шеккендер бар
Жаңалықтар
0