Адам папиломасы вирусына қарсы вакцинаны 360 мыңнан астам қыз салдырды

© AP Photo / Jae C. HongАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
2026 жылдың мамырынан бастап бағдарламаға 14-17 жас аралығындағы қыздар да қосылды
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 360 мыңнан астам қыз бала алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі
2026 жылы мемлекеттік иммундау бағдарламасы 14-17 жас аралығындағы қыздарды да қамту арқылы кеңейтілді.
"2024 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы 12 қазанды қоса алғанда 11-13 жас аралығындағы 301,7 мыңнан астам қыз бала вакцинаның бірінші дозасын, ал 196,6 мыңы екінші дозасын алды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше 2026 жылдың мамырынан бастап бағдарламаға 14-17 жас аралығындағы қыздар да қосылды. Бұл жас тобында шамамен 58,6 мың қыз бала вакцинаның бірінші дозасын, 19,1 мыңы екінші дозасын алды.
"Вакцинациялау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен, ерікті негізде және мемлекет есебінен жүргізіледі. АПВ-ға қарсы егу жатыр мойны обыры жағдайларының басым бөлігін тудыратын вирустың ең қауіпті типтерінен қорғайды және болашақта аурудың даму қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі", - дейді мамандар.
Мониторинг деректері бойынша вакцина салдырған балалардың ешқайсысында жағымсыз әсер байқалмаған.
11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салынады – мерзімі жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салынады – мерзімі жарияланды
Жаңалықтар
0