11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салынады – мерзімі жарияланды

© AFP 2024 / THEO ROUBY11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салынады – мерзімі жарияланды
11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салынады – мерзімі жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Өткен жылы Қазақстанда оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы вакцина салынған болатын
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 11 жастағы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салу мерзімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет алдағы үш жылдық бюджеттің жобасын әзірленді. Оған сәйкес, келесі жылы ұлдарға папиллома вирусына қарсы вакцина салу шаралары басталады.
Бұдан бөлек, пилоттық режимде 4 өңірде өкпе обырының алдын алуға арналған скринингтің жаңа түрі енгізіледі.
Айта кетері, 2025 жылы Қазақстанда оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы вакцина салына бастады. Ал мәжіліс депутаттары бұл вакцинаны ұлдарға да егуді ұсынған.
Вакцинация пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды
Жаңалықтар
0