ҰҚШҰ елдері ғарышқа қару апаруға қарсы шықты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАстана готова к проведению очередной сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ
Астана готова к проведению очередной сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Ұйым әлемнің барлық елін халықаралық бастамаға қосылу мүмкіндігін қарастыруға шақырды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер ғарыш кеңістігіне алғаш болып қару орналастырмау жөніндегі міндеттемені қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ өзге елдерді де осы бастамаға қосылуға шақырды.
Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясында айтылған.
"Ғарыш кеңістігіне алғаш болып қару орналастырмау жөніндегі саяси міндеттемені қолдайтынымызды растаймыз және әлемнің барлық елін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің үлгісіне сүйене отырып, осы халықаралық бастамаға қосылу мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз", – делінген құжатта.
Декларацияда аталған бастама ғарыш кеңістігінде қарулану жарысының алдын алуға, сондай-ақ ашықтық пен сенімді нығайтуға бағытталған тиімді шара екені аталып өткен.
Флаг Армении, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Армения мүшелік жарнасын төлесе, ҰҚШҰ жұмысына қайта қатыса алады
Жаңалықтар
0