Армения мүшелік жарнасын төлесе, ҰҚШҰ жұмысына қайта қатыса алады

© AFP 2024 / LUDOVIC MARINФлаг Армении, архивное фото
Флаг Армении, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
ҰҚШҰ бас хатшысы саммитте Арменияны ұйым құрамынан шығару мәселесі қаралмағанын атап өтті
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Армения мүшелік қарызы бойынша мәселені шешсе, ҰҚШҰ жұмысына қайта қатыса алады. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадықов Мәскеудегі саммиттен кейін журналистерге мәлімдеді.
Оның айтуынша, Армения берешегін өтеген жағдайда ұйым жұмысына өз өкілдерін қайта жіберіп, оның қызметіне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Алайда бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді ел басшылығы қабылдауға тиіс.
"Армения жарна бойынша берешегін өтеу мәселесін шешкеннен кейін өз қызметкерлерін жіберу және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жұмысына қатысу құқығын қалпына келтіре алады. Шешім ел басшылығына байланысты", – деді Масадықов.
Сонымен қатар ҰҚШҰ бас хатшысы саммитте Арменияны ұйым құрамынан шығару мәселесі қаралмағанын атап өтті.
Бұған дейін ҰҚШҰ саммитіне қатысушылар Арменияны ұйымдағы дауыс беру құқығынан айыру туралы шешім қабылдағаны хабарланған болатын.
Архивное фото флагов стран-участниц Евразийского экономического союза (ЕАЭС) - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Армения ҰҚШҰ-да дауыс беру құқығынан айырылды
Жаңалықтар
0