"Қызыл-Жар" футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. "Қызыл-Жар СҚ" футбол клубының" бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.
© Photo : Қаржылық мониторинг агенттігі"Қызыл-Жар" футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
Қызыл-Жар футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
"Қызыл-Жар" футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.
"Тергеу дерегіне сай, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз еткен", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.
Махмуд Хикматов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Видео
Қаржылық мониторинг агенттігі танымал өзбекстандық блогерге халықаралық іздеу жариялады
Жаңалықтар
0