Видео

Қаржылық мониторинг агенттігі танымал өзбекстандық блогерге халықаралық іздеу жариялады

© Photo : Пресс-служба Агентства по финансовому мониторингу РКМахмуд Хикматов
Махмуд Хикматов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Өзбекстан Республикасының азаматы, "Маха.dxb" бүркеншік атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
️ Сот оны қамауда ұстауға санкция берді.
Махмуд Хикматов "SultanGames", "PINCO", "Nomadcasino", "Pin-Up", "Vavada" және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді.
"Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын тұрақты жүйе құрылған. Осы жүйе арқылы интернет-казино интерфейсі ұсынылып, ақша қабылдау және төлеу жолға қойылған. Ол үшін эквайринг, мобильді төлемдер мен криптовалюта пайдаланылған. Сондай-ақ ел азаматтарын құмар ойындарға көптеп тарту мақсатында жарнама таратылған", - дейді агенттік.
Интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар блогер М.Хикматовты тартқан. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату міндеті жүктелген.
"Осы мақсатта М. Хикматов блогерлерден әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын сұратқан. Соның ішінде жазылушыларының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ жарияланымдарының қанша адамды қамтитыны туралы мәліметтерді де сұратқан. Жарнама ақысы осы деректерге қарай белгіленген", - дейді қаржылық мониторинг агенттігінде.
️Ол барлығы 35-тен астам блогерді, оның ішінде блогер Қамзаны тартқан.
Аудиториясы ауқымды Қамза интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға әдейі тартқан. Ол пайдаланушылардың әрбір өтуі үшін сыйақы алып отырған.
Еске салайық, Қамза биылғы 6 тамызда Вьетнам Социалистік Республикасынан экстрадицияланды.
Іздеудегі адамның қайда жүргені туралы қандай да бір мәлімет білген адамға сыйақы төленеді және хабар берген адамның аты-жөні құпия сақталады, дейді агенттікте.
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Интернет-казиноны жарнамалаған танымал блогер Вьетнамнан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0