https://sputnik.kz/20261111/kenqiyaq--atyrau-munay-qubyry-arqyly-munay-eksporttau-kolemi-on-ayda-29-ga-osti-68375329.html
"Кеңқияқ – Атырау" мұнай құбыры арқылы мұнай экспорттау көлемі он айда 29%-ға өсті
"Кеңқияқ – Атырау" мұнай құбыры арқылы мұнай экспорттау көлемі он айда 29%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың 10 айында экспортқа 847 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға көп 11.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-11T21:38+0500
2026-11-11T21:38+0500
2026-11-11T21:38+0500
экономика
мұнай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0b/68374286_0:0:1672:941_1920x0_80_0_0_05d3a2e1d4cf10362259ad89ceed2915.png
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай экспорттау көлемі 29%-ға өсті. Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ хабарлады.Компанияның мәліметінше, "ҚазТрансОйл" АҚ пен CNPC бірлесіп бақылайтын "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" ЖШС 10 айда 5,5 млн тонна мұнай тасымалдаған.Сонымен қатар экспортқа 847 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың 10 айындағы көрсеткіштен 29%-ға жоғары.2026 жылдың 10 айында "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайдың жүк айналымы 2,304 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық.Айта кетері, "МұнайТас" ЖШС – "ҚазТрансОйл" АҚ (51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны. Ол "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған.
https://sputnik.kz/20261109/munay-onimderin-eksporttauga-salyngan-tyyym-tagy-alty-ayga-uzartyldy-68319180.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0b/68374286_209:0:1464:941_1920x0_80_0_0_8f6027bec12600c610c45c3818c159c8.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, экспорт
"Кеңқияқ – Атырау" мұнай құбыры арқылы мұнай экспорттау көлемі он айда 29%-ға өсті
2026 жылдың 10 айында экспортқа 847 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға көп
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай экспорттау көлемі 29%-ға өсті. Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ хабарлады.
Компанияның мәліметінше, "ҚазТрансОйл" АҚ пен CNPC бірлесіп бақылайтын "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" ЖШС 10 айда 5,5 млн тонна мұнай тасымалдаған.
"Есепті кезеңде "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 5,526 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Оның ішінде ішкі нарыққа 4,679 млн тонна мұнай жеткізілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар экспортқа 847 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың 10 айындағы көрсеткіштен 29%-ға жоғары.
2026 жылдың 10 айында "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайдың жүк айналымы 2,304 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық.
Айта кетері, "МұнайТас" ЖШС – "ҚазТрансОйл" АҚ (51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны. Ол "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған.