https://sputnik.kz/20261111/esepke-alynbagan-munaydan-byudzhetke-33-mlrd-tenge-tusti-68381333.html
Есепке алынбаған мұнайдан бюджетке 3,3 млрд теңге түсті
Есепке алынбаған мұнайдан бюджетке 3,3 млрд теңге түсті
Sputnik Қазақстан
Мұнай бухгалтерлік есепте толық көлемде көрсетілмеген 11.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-11T19:24+0500
2026-11-11T19:24+0500
2026-11-11T19:24+0500
мұнай
мұнай бағасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Есепке алынбаған 92 мың тонна мұнай анықталғаннан кейін Қазақстан бюджетіне 3,3 млрд теңге салық түсті. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.Ведомствоның мәліметінше, "Кеңқияқ – Құмкөл" және "Атасу – Алашанькоу" магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау кезінде салық заңнамасының бұзылғаны анықталды.Бас көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, анықталған заңбұзушылықтарды жою шараларын қабылдады.Атап айтқанда, түгендеу қорытындысы бойынша бухгалтерлік есепке 92 мың тоннадан астам мұнай енгізілді. Салық есептілігіне түзетулер енгізіліп, нәтижесінде 2,9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы есептелді. Бұдан бөлек, өсімпұлды қоса алғанда, мүлік салығы бойынша бюджетке 300 млн теңгеден астам қаржы түсті.
https://sputnik.kz/20261109/munay-onimderin-eksporttauga-salyngan-tyyym-tagy-alty-ayga-uzartyldy-68319180.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, мұнай бағасы
Есепке алынбаған мұнайдан бюджетке 3,3 млрд теңге түсті
Мұнай бухгалтерлік есепте толық көлемде көрсетілмеген
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Есепке алынбаған 92 мың тонна мұнай анықталғаннан кейін Қазақстан бюджетіне 3,3 млрд теңге салық түсті. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, "Кеңқияқ – Құмкөл" және "Атасу – Алашанькоу" магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау кезінде салық заңнамасының бұзылғаны анықталды.
"Мұнай тасымалдау кезіндегі технологиялық ерекшеліктер мен өлшеу қателіктеріне байланысты есепте көрсетілмей қалған мұнай көлемі бухгалтерлік есепке толық енгізілмеген. Соның салдарынан активтердің құны төмендетіліп, салық міндеттемелері толық орындалмаған", - деп жазылған хабарламада.
Бас көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, анықталған заңбұзушылықтарды жою шараларын қабылдады.
Атап айтқанда, түгендеу қорытындысы бойынша бухгалтерлік есепке 92 мың тоннадан астам мұнай енгізілді. Салық есептілігіне түзетулер енгізіліп, нәтижесінде 2,9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы есептелді. Бұдан бөлек, өсімпұлды қоса алғанда, мүлік салығы бойынша бюджетке 300 млн теңгеден астам қаржы түсті.