"Біздің ортақ тарихи тағдырымыз бар": Киселев ТМД елдері туралы

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуМедиафорум стран СНГ "Развитие медиа в меняющемся мире"
Медиафорум стран СНГ Развитие медиа в меняющемся мире - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Дмитрий Киселев ұлтшылдық ешқашан ешкімді бақытты етпегеніне сенімді
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері ортақ тарихи тағдырға ие, деп мәлімдеді "Россия Сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев Мәскеудегі "Өзгермелі әлемдегі медианың дамуы" атты V ТМД медиа форумында сөйлеген сөзінде.
"Бізде ортақ тарихи тағдыр бар және бұл тағдыр, бұл бағыт биік және асқақ болуы мүмкін", - деді ол.
Киселевтің пікірінше, мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынас барлық мүдделі тараптың қолдауын қажет етеді.
"Бұл қарым-қатынастар мәңгілік тұрақты болады, ал Ресей ешқайда кетпейтіндей болып көрінуі мүмкін. Әрқашан газ, энергетикалық ресурстар, жеңілдіктер, достық қарым-қатынас болады деген ой болуы мүмкін", - деді Киселев.
Киселевтің айтуынша, ұлтшылдық "ешқашан ешкімді бақытты еткен емес".
"Ол радикалды формаларға енеді де, нәтижесінде хирургиялық емдеуді қажет етеді. Біз ұлтшылдықты патриотизмнен ажырата алуымыз керек. Ұлтшылдық көбінесе патриотизм ретінде жасырылады да, нәтижесінде мемлекетке қарсы әрекетке алып барады", - деп түсіндірді ол.
Дмитрий Киселев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Жүзеге асыратын уақыты келді": Киселев АҚШ-тың Украинаға қатысты "жаңа идеялары" жайында
Жаңалықтар
0