Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Жүзеге асыратын уақыты келді": Киселев АҚШ-тың Украинаға қатысты "жаңа идеялары" жайында

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуДмитрий Киселев
Дмитрий Киселев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Ол "нақты мәселе келісілген және америкалықтар өз уәделерін орындаған" толыққанды Ресей-АҚШ саммиті әлі болмағанын айтты
АСТАНА, 9 қыркүйек - Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Украинадағы қақтығысты шешудің жаңа идеялары туралы айтқан сөздеріне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Рубио Мәскеу мен Киевте АҚШ-тың арнайы елшілері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен өткен келіссөздерде Украинадағы қақтығысты шешудің жаңа идеялары талқыланғанын мәлімдеген болатын.
"Бұл идеялар әлі ешкімнің назарын аудармаған секілді. Өйткені бәрі бұрынғыдай әрекет етіп жатыр. Үнемі үміт сыйлай бергенше, оларды жүзеге асыратын уақыты келді", - деп жазды Киселев өзінің Telegram арнасында.
Ол Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы жақсы жеке қарым-қатынастарға қарамастан, "нақты мәселе келісілген және америкалықтар өз уәделерін орындаған" толыққанды Ресей-АҚШ саммиті әлі болмағанын айтты.
"Сондықтан, "жаңа идеяларға" қатысты әзірше үміттенуге ерте. Босаңсымайық", - деді Киселев.
Сенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Уиткофф пен Кушнерді Кремльде қабылдады. Кездесу үш сағат он минутқа созылды. Бұл Вашингтон өкілдерінің Ресейге сегізінші сапары болды.
Келесі күні олар Украина астанасына келді. Кремльдің мәліметінше, Путин осы байланыстарға дайындалу және оларды жүргізу үшін Киевке оқ атуды үш күнге тоқтатуды бұйырды. Келіссөздер екі раундта өтті, екінші раундта оларға Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қосылды.
Стив Уиткофф  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша келіссөздерден кейін айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар - Уиткофф
Жаңалықтар
0