Алматы облысында 33 мың адамға арналған атом қалашығы салынады

© Sputnik/Ертай СарбасовПервая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ
Первая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2026
Жазылу
Болашақ қалашықта тұрғындарға қажетті барлық инфрақұрылым, сондай-ақ атом саласына мамандар даярлайтын орталықтар болады
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Екі атом электр станциясы салынатын Алматы облысындағы Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға арналған жаңа атом қалашығы бой көтереді.
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, болашақ қалашықта тұрғындарға қажетті барлық инфрақұрылым, сондай-ақ атом саласына мамандар даярлайтын орталықтар болады.
Жоба атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін мамандардың тұруына және кәсіби даярлығына қажетті жағдай жасауға бағытталған.
Айта кетері, Үлкен – Алматы облысында, Балқаш көлінің жағасында орналасқан елді мекен. Мұнда Қазақстанның екі атом электр станциясын салу жоспарланған.
Резиденция президента Казахстана - Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2026
Екінші атом электр станциясын салатын орын анықталды
Жаңалықтар
0