https://sputnik.kz/20261102/ekinshi-atom-elektr-stantsiyasyn-salatyn-oryn-anyqtaldy-68172281.html
Екінші атом электр станциясын салатын орын анықталды
Екінші атом электр станциясын салатын орын анықталды
Sputnik Қазақстан
"Мойынқұм" АЭС-ін салу үшін Алматы облысының Жамбыл ауданы таңдалған 02.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-02T20:35+0500
2026-11-02T20:35+0500
2026-11-02T20:35+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62837393_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d2acfd64b9672f64b61a67bbbce3caf1.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. "Балқаш" атом электр станциясының инженерлік-іздестіру жұмыстары аяқталуға жақын. Ал "Мойынқұм" АЭС-ін салатын орын анықталды. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Құрылтайда мәлімдеді.Оның айтуынша, 2026 жылғы мамырда "Балқаш" АЭС құрылысының негізгі шарттары мен қағидаттары, сондай-ақ жобаны қаржыландыру мәселелері бойынша үкіметаралық келісімдерге қол қойылып, маусымда ратификацияланған.Ал "Мойынқұм" АЭС-ін салу үшін Алматы облысының Жамбыл ауданы таңдалған. Қазір жоба бойынша тиісті үкіметаралық құжаттар әзірленіп жатыр.Қазақстан 2050 жылға дейін 150 мың тонна уран қорын жинақтауды жоспарлап отырБолашақ атом электр станцияларын ядролық отынмен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда уранның мемлекеттік стратегиялық резервін құру мәселесі қарастырылып жатыр.АЭС құрылысына қазақстандық компаниялар тартыладыАлмасадам Сәтқалиев алғашқы атом электр станциясын салу кезінде жергілікті қамту үлесін 30%-ға жеткізу жоспарланғанын айтты.Осы мақсатта атом саласындағы өндірісті жергіліктендіруді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілген. Ол төрт бағыт бойынша 22 іс-шараны қамтиды.Агенттік басшысының айтуынша, 2026 жылғы 3 қыркүйекте EPC-келісімшартқа қол қойылуы отандық кәсіпорындарды АЭС құрылысына қажетті тауарлар мен қызметтерді жеткізу тізбегіне тартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте сапа мен қауіпсіздік талаптары ескеріледі.Сондай-ақ бір атом электр станциясын екі энергоблокпен салу кезінде құрылыс жұмыстарының ең қызған кезеңінде 10 мыңнан астам жұмысшы қажет болады. Ал станцияны кейін пайдалануға шамамен 1,8 мың маман керек.
https://sputnik.kz/20261028/toqaev-eki-zhana-aes-qurylysyn-bastaudy-tapsyrdy-68031981.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62837393_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_553ece1fe80c97c0e1d8b659df817064.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Екінші атом электр станциясын салатын орын анықталды
"Мойынқұм" АЭС-ін салу үшін Алматы облысының Жамбыл ауданы таңдалған
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. "Балқаш" атом электр станциясының инженерлік-іздестіру жұмыстары аяқталуға жақын. Ал "Мойынқұм" АЭС-ін салатын орын анықталды. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Құрылтайда мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2026 жылғы мамырда "Балқаш" АЭС құрылысының негізгі шарттары мен қағидаттары, сондай-ақ жобаны қаржыландыру мәселелері бойынша үкіметаралық келісімдерге қол қойылып, маусымда ратификацияланған.
"2026 жылғы қыркүйекте EPC-келісімшартқа қол қойылды. Бұл құжаттар "Балқаш" АЭС құрылысын іс жүзінде жүзеге асыруға негіз қалады. 2027 жылы станция алаңында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр", – деді агенттік басшысы.
Ал "Мойынқұм" АЭС-ін салу үшін Алматы облысының Жамбыл ауданы таңдалған. Қазір жоба бойынша тиісті үкіметаралық құжаттар әзірленіп жатыр.
Қазақстан 2050 жылға дейін 150 мың тонна уран қорын жинақтауды жоспарлап отыр
Болашақ атом электр станцияларын ядролық отынмен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда уранның мемлекеттік стратегиялық резервін құру мәселесі қарастырылып жатыр.
"Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту стратегиясында 2050 жылға дейін кемінде 150 мың тонна уран қорын резервтеу, сондай-ақ уранның стратегиялық резервін құрудың тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеп, бекіту көзделген", – деді Сәтқалиев.
АЭС құрылысына қазақстандық компаниялар тартылады
Алмасадам Сәтқалиев алғашқы атом электр станциясын салу кезінде жергілікті қамту үлесін 30%-ға жеткізу жоспарланғанын айтты.
Осы мақсатта атом саласындағы өндірісті жергіліктендіруді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілген. Ол төрт бағыт бойынша 22 іс-шараны қамтиды.
Агенттік басшысының айтуынша, 2026 жылғы 3 қыркүйекте EPC-келісімшартқа қол қойылуы отандық кәсіпорындарды АЭС құрылысына қажетті тауарлар мен қызметтерді жеткізу тізбегіне тартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте сапа мен қауіпсіздік талаптары ескеріледі.
Сондай-ақ бір атом электр станциясын екі энергоблокпен салу кезінде құрылыс жұмыстарының ең қызған кезеңінде 10 мыңнан астам жұмысшы қажет болады. Ал станцияны кейін пайдалануға шамамен 1,8 мың маман керек.