Тоқаев АЭС құрылысын 2027 жылы бастауды ұсынды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуРеакторный зал АЭС
Реакторный зал  АЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
"Мойынқұм" құрылысын тездетіп бастау үшін келісімді рәсімдеу керек, деді президент
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Балқаш" және "Мойынқұм" атом электр станцияларының құрылысы бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі жолдауда президент келесі жылы "Балқаш" атом электр станциясының құрылысын бастау қажеттігін ерекше атап өтті.
"Сондай-ақ, "Мойынқұм" атом элеткр станциясының құрылысын тездетіп бастау үшін кешенді ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеу керек", - деді Тоқаев.
Айта кетері, Ресей салатын бірінші АЭС-тың атауы - "Балқаш", ал екіншісі - "Мойынқұм". Оны салатын компания әзірше белгісіз. Екі АЭС та Балқаш көлінің жағалауында салынады.
Қазақстан халқына Жолдау - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
"Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемі жарияланды
Жаңалықтар
0