https://sputnik.kz/20261028/qazaqstandagy-khalyqtyq-qurylysqa-bolinetin-qarzhynyn-kolemi-zhariyalandy-68031423.html
"Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемі жарияланды
"Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады 28.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-28T11:26+0500
2026-10-28T11:26+0500
2026-10-28T11:32+0500
президент
қазақстан халқына арналған жолдау
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/1c/68031580_23:0:1259:695_1920x0_80_0_0_e3b80e70db7756d3fc5209fe2c0a05de.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстандағы ауқымды құрылысқа 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Ал биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастырылады.Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Атап айтқанда, перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді. Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады.Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады.Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек."Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына "Халықтық құрылыс" деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін. Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін", - дейді президент.
https://sputnik.kz/20261028/infraqurylymdyq-zhangyru-zhumystaryna-ulttyq-qordan-shamamen-65-trillion-tenge-bolinedi-68031030.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/1c/68031580_177:0:1104:695_1920x0_80_0_0_085638a058cac1466c694ce4a5a8bb51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан халқына арналған жолдау, құрылыс
президент, қазақстан халқына арналған жолдау, құрылыс
"Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемі жарияланды
11:26 28.10.2026 (жаңартылды: 11:32 28.10.2026) Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстандағы ауқымды құрылысқа 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Ал биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастырылады.
"Бірақ Ұлттық қордың ресурсын жинақтау және оны пайдалану арасында теңгерім сақталуға тиіс. Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек. Ең бастысы, жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет”,-деді Тоқаев бүгін жариялаған Жолдауда.
Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Атап айтқанда, перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді. Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады.
Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады.
Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек.
"Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына "Халықтық құрылыс" деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін. Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін", - дейді президент.