https://sputnik.kz/20261028/infraqurylymdyq-zhangyru-zhumystaryna-ulttyq-qordan-shamamen-65-trillion-tenge-bolinedi-68031030.html
Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарына Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарына Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді 28.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-28T11:18+0500
2026-10-28T11:18+0500
2026-10-28T12:01+0500
президент
қазақстан халқына арналған жолдау
халық
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_100:93:2932:1686_1920x0_80_0_0_8eef928026b038f1186e2cd9ef681b2a.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда инфрақұрылымдық жаңғыру жоспары әзірленіп, ол жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бұл жөнінде президент Қазақстан халқына арғанан жолдауында айтты.Мемлекет басшысы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 миллиард доллардан асқанын айтты. Оның айтуынша, енді осы қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттауымыз қажет."Сондықтан мен бұған дейін айтқан ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Соған сәйкес бүкіл ел бойынша аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді", - деді Тоқаев.Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет, деді президент.
https://sputnik.kz/20261028/toqaev-basty-nazarda-bolatyn-maseleni-atady-68030849.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_468:69:2624:1686_1920x0_80_0_0_b6f3603d3d840723d105e5ad7b7d50ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан халқына арналған жолдау, халық
президент, қазақстан халқына арналған жолдау, халық
Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарына Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
11:18 28.10.2026 (жаңартылды: 12:01 28.10.2026) Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда инфрақұрылымдық жаңғыру жоспары әзірленіп, ол жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бұл жөнінде президент Қазақстан халқына арғанан жолдауында айтты.
"Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтайды. Оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың доллардан асатын болды. "Еліміз экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтеріледі. Бұл – халқының саны бізден әлдеқайда көп бірқатар елдің көрсеткішінен жоғары деңгей деген сөз", - деді президент.
Мемлекет басшысы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 миллиард доллардан асқанын айтты. Оның айтуынша, енді осы қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттауымыз қажет.
"Сондықтан мен бұған дейін айтқан ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Соған сәйкес бүкіл ел бойынша аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді", - деді Тоқаев.
Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет, деді президент.