Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

© Sputnik / Владислав ВодневВакцинация жүргізілді ме, жоқ па: елде екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды
Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: елде екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Қазақстандықтарға SMS-хабарлама жіберіледі
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа цифрлық сервистен SMS-хабарлама жіберілетінін хабарлады.
Жаңа сервис екпе туралы мәліметтерді дұрыс жүргізуге көмектеседі. Бұдан былай вакцина алған адамға немесе баланың заңды өкіліне SMS-хабарлама автоматты түрде жіберіледі. Онда екпенің түрі мен вакцинация жасалған күні көрсетіледі.
SMS-хабарламаға екі нұсқа бойынша жауап беру ұсынылады:
вакцинация шынымен жүргізілген жағдайда - "811" ("Иә");
екпе жүргізілмеген жағдайда - "812" ("Жоқ").
Жауапты 1414 қысқа нөміріне жіберу қажет.
"Егер SMS-хабарламадағы ақпарат шындыққа сәйкес келмесе, азамат бұл туралы жауап хабарламасы арқылы хабарлай алады. Бұл нақты жүргізілген вакцинация мен медициналық ақпараттық жүйеге енгізілген мәліметтер арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді", - дейді министрлік мамандары.
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
2027 жылдан бастап ата-аналарға SMS-хабарлама жіберіледі
Жаңалықтар
0