2027 жылдан бастап ата-аналарға SMS-хабарлама жіберіледі

CC0 / / Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Биылғы бірінші жартыжылдықта 302 мың баладан ауру анықталды
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. 2027 жылдан бастап ата-аналарға балаларының алдағы медициналық қарап-тексерулері туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл ата-аналарға алдын ала ескерту алып, балаларын қажетті тексерулерден уақтылы өткізуге мүмкіндік береді.
Биылғы бірінші жартыжылдықта 3,6 миллион бала профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтті.
"302 мың баладан түрлі ауру анықталып, олардың 119 мыңнан астамы динамикалық бақылауға алынды. Балалар арасында жиі кездесетін мәселелердің қатарында тісжегі, қаназдық және көру қабілетінің бұзылуы бар", – деп хабарлады министрлік.
Жарты жыл ішінде мектеп жасындағы 80 169 баладан тісжегі анықталды. 2025 жылдан бастап білім беру ұйымдарында балалардың тамақтану рационындағы қант пен тұз мөлшерін азайтуды көздейтін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді.
"Болашаққа сау тіспен" жобасы аясында екі жыл ішінде стоматологиялық профилактикаға арналған 166 кабинет ашылды. Олардың жұмысы оқушылардың ауыз қуысына күтім жасау дағдыларын қалыптастыруға және стоматологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары енгізіліп жатыр.
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Астанада баланың өліміне себепкер болған дәрігер негізгі жазадан босатылды
Жаңалықтар
0