https://sputnik.kz/20260327/astanada-balanyn-olimine-sebepker-bolgan-dariger-negizgi-zhazadan-bosatyldy-62212349.html
Астанада баланың өліміне себепкер болған дәрігер негізгі жазадан босатылды
Астанада баланың өліміне себепкер болған дәрігер негізгі жазадан босатылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Астанада баланың өліміне себепкер болды деп айыпталған анестезиолог дәрігерге қатысты үкім шықты, деп хабрлайды қалалық сот. 27.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-27T12:59+0500
2026-03-27T12:59+0500
2026-03-27T12:59+0500
астана
сот
сот үкімі
сот шешімі
дәрігер
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Астанада баланың өліміне себепкер болды деп айыпталған анестезиолог дәрігерге қатысты үкім шықты, деп хабрлайды қалалық сот.2024 жылы 25 шілдеде кәмелетке толмаған бала "созылмалы полипозды полисинусит" диагнозымен жоспарлы түрде аурухананың оториноларингология бөліміне жатқызылған. Жүргізілген тексеруден кейін оған жоспарлы операция тағайындалған.Эндотрахеалдық интубациялық түтіктің герметикалығының бұзылуы салдарынан қан тыныс алу жолдарына тарап кеткен. Салдарынан науқас баланың сырқаты асқынып, көз жұмған.Алайда сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұраған. Ал жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза кесуді талап етті.Ол қосымша жазаны өтеуге міндеттелді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, сот, сот үкімі, сот шешімі, дәрігер
астана, сот, сот үкімі, сот шешімі, дәрігер
Астанада баланың өліміне себепкер болған дәрігер негізгі жазадан босатылды
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Астанада баланың өліміне себепкер болды деп айыпталған анестезиолог дәрігерге қатысты үкім шықты, деп хабрлайды қалалық сот.
2024 жылы 25 шілдеде кәмелетке толмаған бала "созылмалы полипозды полисинусит" диагнозымен жоспарлы түрде аурухананың оториноларингология бөліміне жатқызылған. Жүргізілген тексеруден кейін оған жоспарлы операция тағайындалған.
"29 шілдеде "екі жақты эндоскопиялық синусотомия, жалпы ингаляциялық анестезиямен және өкпені инвазивті желдету арқылы" жүргізілген операция барысында анестезиолог тарапынан медициналық көмекті көрсету кезінде кемшілікке жол берілген", - дейді сот.
Эндотрахеалдық интубациялық түтіктің герметикалығының бұзылуы салдарынан қан тыныс алу жолдарына тарап кеткен. Салдарынан науқас баланың сырқаты асқынып, көз жұмған.
Алайда сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұраған. Ал жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза кесуді талап етті.
"Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 3 жыл мерзімге медициналық көмек көрсетуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы кесілді. "Қазақстан Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" заңның 2-бабы 1-тармағына сәйкес мұндай қылмыс жасаған адамдар негізгі жазадан босатылады. Осыған байланысты сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден босатылды", - деп түсіндірді Астана соты.
Ол қосымша жазаны өтеуге міндеттелді.