Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі
Президент Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Ол тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүргенін айтты
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін дамыту еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру деген сөз емес екенін мәлімдеді.
Бұл туралы президент Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.
"Мен Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында ел бірлігін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл екенін нақты айттым. Дегенмен мына нәрсені есте ұстаған абзал: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес. Басқаша айтқанда, ана тілімізді басқа тілдерге қарсы қоюға мүлдем болмайды", - деді Тоқаев.
Ол тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүргенін, сондықтан оларды "Заң мен тәртіп" қағидасына сәйкес жауапкершілікке тарту керектігін жеткізді.
"Осы жерде тағы да қайталап айтқым келеді: кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей. Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә. Оның салдарын өз көзімізбен көріп жатырмыз. Біз қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек. Ана тіліміз жаһан жұртшылығына тартымды тіл болуы керек", - деді мемлекет басшысы.
Президент біртұтас Қазақстан халқын бөліп-жаруға мүлдем болмайтынын, өз тұтастығын сақтай алмаған халық басқаларға үлгі-өнеге көрсете алмайтынын, басқа елдердің құрметіне ешқашан ие болмайтынын айтты.
Қазақ тілі сөздігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Президент БҰҰ-ның ресми тілдерімен жалғайтын сөздіктер әзірлеуді тапсырды
Жаңалықтар
0