Президент БҰҰ-ның ресми тілдерімен жалғайтын сөздіктер әзірлеуді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақ тілі сөздігі
Қазақ тілі сөздігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Сөздіктер екі тілді және көптілді болуы керек
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның ресми тілдерімен жалғайтын екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлеуді тапсырды.
Президент "Қазақ тілі" қоғамы жүзеге асырған Oxford Qazaq Dictionary жобасын жалғастыру керек деп есептейтінін айтты.
"Қазақ тілін Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі ресми тілдерімен жалғайтын сапалы екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлейтін уақыт келді. Қазақ-француз, қазақ-испан, қазақ-қытай, қазақ-араб, сонымен қатар, қазақ-неміс, қазақ-итальян, қазақ-жапон, қазақ-корей, қазақ-парсы сөздіктерін жасау қажет. Қазақ-орыс сөздігін уақыт талабына сай жаңартқан жөн", - деді Тоқаев.
Сөздіктердің электрондық нұсқасын әзірлеп, үнемі толықтырып отыру керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
"Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған "тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып" сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты", - деді Мемлекет басшысы.
Президент мұны жақсы дүние деп бағалағанымен, әр жақсы құбылыстың шегі болуы керектігін айтты.
"Мысалы, "күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)" және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты", - деді президент.
Сонымен қатар президент қазақ тіліндегі дінге қатысты көне сөздердің орнын араб сөздерін жиі қолдану "сәнін" де сынға алды.
Мемлекет басшысы Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Тоқаев: Біз ана тіліміз – қазақ тілінің беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек
Жаңалықтар
0